ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2020 | 15:33
Алматы әуежайы маңындағы жер телімін беруге қатысты тергеу басталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Алматы әуежайының маңынан жер учаскелерін заңсыз беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әуежай аумағына жақын жерде заңсыз құрылыс мәселесіне келер болсақ. Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Талғар ауданында әуежайы маңында жер учаскелерін заңсыз беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қызметтерін асыра пайдаланып, жеке шаруашылық жүргізуге, тұрғын үй құрылысын салуға әуежайдың санитарлық қорғаныс аймағынан заңсыз жер бергені анықталды. Санитарлық ереже бойынша, санитарлық қорғаныс аймағында қайта салынып жатқан құрылыс, қайта құрылып не ұйымдастырылып жатқан бау-бақша серіктестігі немесе жеке саяжай учаскелеріне рұқсат етілмейді", - деді Скляр Нұр-Сұлтандағы ОКҚ баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан ұшып шыққан 93 жолаушысы бар Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежай маңына құлаған болатын. ІІМ мәліметі бойынша апат салдарынан 12 адам қаза болған.
Показать комментарии
Читайте также