Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді Алматыдағы халықаралық әуежайдың шығарып салу залында ұстаған.

Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.  Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жарнама
Жарнама

Көліктегі полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов пйтуынша, "Нелегал-2022" жедел-алдын алу шарасының екі күнінде Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама