19 мамыр 2021 | 13:01

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әуежайында ұшу-қону жолағының бірін жөндеуге байланысты рейстер кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында ұшу-қону жолағының бірін жөндеуге байланысты рейстер кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері бір жолақ уақытша жабық екенін айтты. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Екіншісі жұмыс істеп тұр. Жолақтардың бірінің зақымдануына байланысты рейстер уақыты өзгеріп жатыр, өзі екі жолақ бар", - деді Алматы әуежайының баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Алматы - Нұр-Сұлтан, Алматы - Қостанай, Алматы - Батуми рейстері кешігіп жатқаны хабарланды. 

"Уақыт 1-1,5 сағатқа шегерілді. Рейстер тоқтамайды", - деді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная