ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2021 | 15:41
Алматы әуежайында ұзын сонар кезек неге пайда болғаны айтылды
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ішкі рейстерді тіркеу кассаларында неліктен ұзын сонар кезек пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі ішкі рейстерді тіркеу кассаларында неліктен ұзын сонар кезек пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Tengrinews.kz оқырмандары Алматы әуежайында ішкі рейстерді тіркеу аймағында жолаушылар ұзын сонар кезекте тұрғаны хабарлаған болатын. Куәгердің айтуынша, жолаушылар карантиндік арақашықтықты сақтамай бір-біріне жақын тұрып кассаға жиналған.
Оқырман жіберген сурет
Алматы әуежайының баспасөз қызметі қолайсыз ауа райына байланысты (нашар көріну) Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы радиусында кейбір рейстердің ұшуында кешігулер орын алғанын, соның салдарынан жолаушыларды тіркеу кезінде кезек болғанын хабарлады.
Оқырман жіберген сурет
Әуежай әкімшілігі қазіргі уақытта жолаушылар ағыны қысқарғанын хабарлады. Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также