04 қараша 2022 | 08:50

Алматы әуежайының ғимараты жеке компанияға заңсыз сатылып кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бұрынғы әкім Виктор Храпунов Алматы әуежайының ғимаратын жеке компанияға заңсыз сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы әкім Виктор Храпунов Алматы әуежайының ғимаратын жеке компанияға заңсыз сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының деректеріне сілтеме жасап.

Бас прокуратура өкілдері Қазақстанға қаражатты қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіру аясында прокуратура органдары тәуелсіз талдаулар мен тексеру шараларын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Атап айтқанда, заңсыз иеліктен шығарылған нысандарды, берілген жер телімдерін қайтару бойынша 13 талап-арыз берілді. Бес миллиард теңге заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан 140 мың гектардан аса жер телімдері қадағалау актілерімен қайтарылды.

Реклама
Реклама

Олигополиялардың пайдасына негізсіз шығарылған сот актілерінің күшін жоюға 23 наразылық берілді. Прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша, қылмыстық қудалау органдары әртүрлі теріс пайдалану, мемлекет мүлкі мен бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша 12 соталды тергеу амалдарын бастады.

"Алматы халықаралық әуежайындағы дүкендер, барлар мен мейрамханалар аймағы заңсыз сатылғаны анықталды. Оларды 2003 жылы әкім Храпунов жеке компанияға заңсыз сатып жіберген. Сатылған аймақтың құны - 333,7 миллион ​​теңге. Әуежай терминалының 1 601,1 шаршы метріне құқық белгілейтін құжаттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз бердік", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная