12 мамыр 2020 13:19

Алматы әуежайының жаңа иесі жоспарын айтып берді

Фото: Әлихан Сариев

Алматы халықаралық әуежайының жаңа иесі - түркиялық TAV Airports Holding холдингінің өкілдері алдағы жоспарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы халықаралық әуежайының жаңа иесі - түркиялық TAV Airports Holding холдингінің өкілдері алдағы жоспарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

TAV Airports Holding компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптанның айтуынша, 2022 жылға қарай әуежайда халықаралық ұшулар үшін жаңа терминал салынады. Оның құны - 200 миллион доллар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жаңа паркинг пен қосымша кеңселер ашылады екен. Тағы президенттердің көлігі ұшу үшін жаңа жолақтар салынады.

Сонымен қатар, компания өкілі отандық қызметкерлердің жұмыс орны сақталатынын атап өтті. Түркиядан бар болғаны 10 адам келіп, жаңа стандарттардың орындалуын бақылайды.

"Біз әуежайды еуропалық стандарттарға сай етеміз. Әуежайдың жылдық орташа табысы 30 миллион долларды құрайды. Келісім аяқталды. Менің ойымша, біз жұмсаған 415 миллион доллар 10-15 жылдың ішінде қайтарылады. Бірақ коронавирусты ескерсек, ұтылған тұстарымыз бар. Сондықтан қандай табыс келетінін әзірге айту қиын", - деді Серкан Каптан.

Еске салайық, түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған болатын

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram