23 шілде 2020 11:41

Алматы ауруханаларында төсек орындардың жартысынан көбі бос - Сағынтаев

© РИА Новости

Алматы ауруханаларында төсек орындарының жартысынан көбі бос: 47 пайыз орын бос емес. Бұл туралы Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ауруханалардың саны көбейді, бүгінде олар 26-ға жетті. Көп жұмыс атқарылды. Бүгінде коронавирус инфекциясын емдеумен 4464 медицина қызметкері айналысып жатыр, 1526 кадр резерві құрылды. 

Реклама
Реклама

Төсек-орындардың санын алдағы бір жарым-екі айда 7710-ға жеткізу жоспарланды. Мысалы, Түрксіб ауданының қызмет көрсету базасында 500 орын дайындалмақ", - деді әкім. 

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ЖРВИ мен пневмония жұқтырғандар саны бес есе өскенін хабарлаған.

Алматыға Түркия дәрігерлері коронавирус жұқтырғандарды емдеуге келеді

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 10 067 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде, 6 мыңнан аса дам аурудан айыққан. Жалпы 73 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram