02 ақпан 2022 | 08:56

Алматы ауруханасында ата-анасын күткен екі жасар баланың әжесі табылды

Жамбыл облысында полицейлер Алматы қалалық балалар ауруханасында бірнеше ай бойы қалып қойған екі жасар баланың әжесін тапты. Мұның алдында құқық қорғау органдары баланың туыстары мен жақындарына іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында полицейлер Алматы қалалық балалар ауруханасында бірнеше ай бойы қалып қойған екі жасар баланың әжесін тапты. Мұның алдында құқық қорғау органдары баланың туыстары мен жақындарына іздеу жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, баланың әжесі табылғанын Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті хабарлаған.

"Сюжет дайындау барысында Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті мен сол өңірдің тілшілер қауымы біздің арнамызға баланың әжесі табылғанын хабарлады. Алдағы уақытта Алматы телеарнасының журналистері ол кісімен байланысып, сұхбаттаспақ ниетте", - дейді арна тілшілері. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін баланың туыстарына іздеу салған ақ халаттылар сәбидің ара-тұра аурухана терезесінен телміріп, туыстарын тағатсыздана күткендей болатынын айтқан еді. Полицияның мәліметінше, бүлдіршін былтыр күзде табылып, тәртіп сақшылары оны қалалық №2 балалар ауруханасына апарып табыстаған екен.

№2 қалалық ауруханада ата-анасын асыға күтіп жатқан екі жасар бала осы уақытқа дейін дәрігерлердің қамқорлығында болды. Мекеме мамандарының айтуынша, бүлдіршіннің дені сау, тек ата-анасы хабарсыз кеткесін осында күтуге мәжбүр. Қыркүйектен қаңтарға дейін қараусыз қалған бөбекті жақын күндері ата-анасы табылмаса, балалар үйіне табыстаймыз дейді заңгерлер.

"Біз балаға бауыр басып қалдық. Алғаш келгенде қылықтары болса, қазір тілі шығып келе жатыр. Әрқайсымызды атымыздан танып, келгенде қуанып, атымыз аталса, танып жатады. "Мама, папа" деп сөйлейді. Денсаулығы жақсы, тамақты жақсы ішеді", - деді №2 қалалық балалар ауруханасының педагог тәрбиешісі Гүлайым Әкрәмханова.

Бұған дейін медицина мекемесіне әкесі де ара-тұра келіп, жағдайын айтып кететін дейді мамандар. Соңғы келгенінде "қошақанымды қойныма алып жатамын" деп кете барыпты. Содан ізім-қайым жоқ болған.

"2021 жылдың 22 қыркүйегінде Әуезов аудандық полиция қызметкерлері №2 балалар ауруханасына кәмелет жасына толмаған кішкентай бүлдіршінді жеткізді. Осы уақыт арасында баланың әкесі келіп баласын балалар үйіне өткізбеуін өтініп, құжаттарын сатып әкелемін деп уәде берген. Әкесінің сөзінше, баланың анасы бөбекті тастап кеткен", - деді № 2 қалалық балалар ауруханасының заңгері Рүстем Балтабаев.

Бөтен бала болмайды деген қала тұрғындары да Тәңірбергенді көруге, аналық мейірімін бөлуге әрдайым дайынбыз дейді. Келіп, тәттісін арқалап, аурухананы жағалап жүретін көрінеді.

"Кішкентай баланың еш кінәсі жоқ қой. Бала дүниеге ата-анам бар деп келеді ғой. Біз сол бананымызды, тәттімізді, "Киндер" шоколадымызды алып, баланы көрейік деп- келдік. Кейін баланы көрсек, тағы келеміз ғой», - дейді қала тұрғыны Әлия Есенқазиева.

Ал қалалық Полиция департаменті бұл іске қатысты жауапты адамдарды тағайындап, баланы өз қамқорлығымызға алып тиісті орындарға табыстаймыз дейді.

"Біз ертең баланың жеке басын растайтын құжаттарды рәсімдейміз. Осы уақытқа дейін бұл баланың бірде-бір құжаты болмаған. Ата-анасы туу туралы куәлік жасамаған. Сонымен қатар, баланы басқа қолайлы жерге көшіру туралы шешім қабылдап жатырмыз. Тиісті талапқа сай "Әділ" деген қор осы жауапкершілікті өзіне алып отыр", - деді Полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная