14 маусым 2023 14:59

Алматы ауруханасында науқастар АИТВ жұқтырған

Алматы ауруханасының науқастары ЖИТС індетін жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ауруханасының науқастары ЖИТС індетін жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Алматы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ЖИТС жұқтырған үш жағдайды анықтады. Анықталған фактілер бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен 2 маусымда комиссия құрылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен Алматы ЖИТС орталығының қызметкерлерімен инфекциясының таралу көздерін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіп, донорлар, медицина қызметкерлері мен байланыста болған адамдар тексерілді", - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тексерілгендердің барлығында талдаудың теріс нәтижесі бар екені расталды.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде 13 маусымда комиссияның қорытындысы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. 2023 жылдың 14 маусымында Денсаулық сақтау министрлігінің тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, Орталық клиникалық аурухананы жоспардан тыс тексеруді бастады.

Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шараларды қабылдайды.

2020 жылы бұл ауруханаға байланысты көптеген жанжалдар болған. Аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Одан кейін аурухананың 147 қызметкерінде ауру расталған. Осыған байланысты Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram