14 маусым 2023 | 16:45

Алматы ауруханасында науқастар АИТВ жұқтырған: Денсаулық сақтау министрлігі тергеуді бастады

Фото: РИА Новости

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеттері Алматы ауруханасындағы науқастардың АИТВ инфекциясын анықтауға байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеттері Алматы ауруханасындағы науқастардың АИТВ инфекциясын анықтауға байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ орталығының мамандары ем қабылдап жатқандар арасында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған үш жағдайды анықтады. Бұл дерек бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық-фармацевтикалық қадағалау комитеті Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен тексеру басталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Комиссия құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.

Осыған дейін Алматы ауруханасының емделушілерінен АИТВ инфекциясы анықталғаны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная