Алматы автобусында жасөспірім қалта ұрысын ұстады

Камила Долаева Журналист
Алматы автобусында жасөспірім қалта ұрысын ұстады Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда оқушы автобуспен үйіне қайтып бара жатқанда қалта ұрысын ұстап алды. Бұл оқиғаны Facebook қолданушысы Шынар Жәнібекова парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда оқушы автобуспен үйіне қайтып бара жатқанда қалта ұрысын ұстап алды. Бұл оқиғаны Facebook қолданушысы Шынар Жәнібекова парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлым автобуспен мектептен қайтып келе жатқан. Біреу қалтасына қол сұғып жатқанын сезген. Ол тез түсініп, ұрыны ұстап алды, алайда сырт киімі жыртылып қалды", - деп жазған анасы. 

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, жүргізуші автобусты тоқтатып, жағдайға араласқан. Баланы тыңдап, ұрының қалталарын тексергенде 4 ұялы телефонын тапқан. Кейін жолаушылар заттарын танып, өзіне қайтарған. 

"Достар, сақ болыңыздар және өзіңізге қарап жүріңіздер!" - деп жазған Шынар Жәнібекова.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама