09 сәуір 2022 | 09:21

Алматы - Бішкек тасжолындағы өткелді салуға 2 миллиард теңге жетпеді

"Хабар 24" сюжетінен алынған кадр

Алматы-Бішкек күре жолының 19-шақырымындағы өткелдің құрылысы тоқтап тұр. Салдарынан сол маңда ұзынсонар көлік кептелісі болады. Адамдар екі ауылды бөліп тұрған республикалық жолды кесіп өтеді. Бұл көлік қозғалысын тежейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы-Бішкек күре жолының 19-шақырымындағы өткелдің құрылысы тоқтап тұр. Салдарынан сол маңда ұзынсонар көлік кептелісі болады. Адамдар екі ауылды бөліп тұрған республикалық жолды кесіп өтеді. Бұл көлік қозғалысын тежейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" сайтына сілтеме жасап. 

Журналистер көпір құрылысы неліктен созылып кеткенін анықтап көрді.

Алматыдан шыққандағы 4 жолақты жол Кемертоған мен Райымбек ауылына келгенде тарылып, көлік кептелісі еселене түседі. Телеарна тілшісінің сөзінше, таңертеңмен қалаға кірерде, кешкісін шығарда осы жерден тез өтіп кету кез келген жүргізушінің арманы десек болады. Қазір көлік ағынына жаяу жүргіншілер жолағы кедергі келтіреді. Ал кептеліс болмаған күннің өзінде бұл жер адам үшін қауіпті. Өйткені ертелі-кеш жүйткіген көліктердің тоқтауы да қиын.

Реклама
Реклама

"Біреуі тоқтаса, біреуі тоқтамайды мына жерден, апат та болып жатыр, қағып кетіп жатыр". "Өткел болғаны дұрыс қой жолдан өткенге. Мынадай қауіпті жағдай, көліктер көп, өткенде кептеліс болып қалады", - дейді тұрғындар.  

Жолаушыларға арналған жерүсті өткелі мен автокөліктерге қажетті эстакаданың құрылысы 2020 жылы басталған. Оған мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ көп ұзамай құрылыс тоқтап қалды.

"Алдыңғы мердігер компания жоспар бойынша негізі осы 2022 жылдың ішінде бітіруі керек болған. Бірақ сол 2021 жылдың өзінде олар жұмыс қарқыны дұрыс жүрмегендіктен біз келісім-шартты үзуге тиісті болдық. Енді көптеген өзінің себептері бар. Өздеріңіз білесіздер осы таңда пандемия бар, соған байланысты көптеген құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап кетті", - дейді "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрқат Ақылтаев.

Мамандардың айтуынша, қазір жоба құны қайта қаралып жатқан көрінеді. Яғни "Дәулет дорстрой" мердігер компаниясы бітіре алмаған құрылыс жұмыстарын енді қандай компанияның жалғастыратыны әзірге белгісіз. Осылайша жол азабын тартып жүрген жұрттың талап-тілегі биыл орындалмайтын секілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная