19 шілде 2020 13:34

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөліміндегі өрттің алдын алды

Сурет: Алматы ТЖД

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөлімінде өрттің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы дәрігерлері нәрестелер жатқан жансақтау бөлімінде өрттің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 21.47-де "101" пультіне Сейфуллин даңғылы, 492 бойындағы №1 перзентхананың балалар реанимациясы бөлімшесінде өрт болғаны туралы хабар келіп түскен. Осылайша ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

Реклама
Реклама

"Реанимацияда өрт дабылы іске қосылғаны анықталды. Осы түнде кезекшілік еткен қызметкер уақыт жоғалтпай, дүрлікпей ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес әрекет еткен. Осылайша, акушер-гинеколог Садықова Перизат, балалар медбикесі Жиделиева Арайлым және басқа медицина қызметкерлері тыныс алдыру аппаратына қосылған 8 нәрестені қауіпсіз аймаққа көшірді.

Дәрігерлердің бірі - Грушевский Виталий ұнтақ өртсөндіргішті шебер пайдаланып, жабық электр розеткасының жануына жол бермеді. Механизмге дейінгі қызметкерлердің дағдылары өртсөндірушілер келгенге дейін қауіпті жоюға мүмкіндік берді", - деп хабарлады ведомство өкілі.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram