20 наурыз 2014 12:22

Алматы Достастықтың мәдени астанасы атанды

Алматы Достастықтың мәдени астанасы атанды

Алматы ресми түрде Дотастықтың 2014 жылғы астанасы деп жарияланды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz. Салатантты іс-шаралардың ресми ашылуы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. "Достастықтың мәдени астаналары туралы" бағдарлама ТМД-ға мүше елдердің гуманитарлық және мәдени бірлестігі, мемлекетаралық гуманитарлық қор кеңесінің бастамасымен 2011 жылы жасалған болатын. Сондай-ақ 2014 жылы мәдени астана ретінде Қырғызстанның Ош қаласы да танылды. Мәдени іс-шаралар хореографиялық оқу орындарының "Өрлеу" байқауымен ашылады. Бұл байқау 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтеді. Сәуір айында қала саябақтарын модернизациялауға қатысты конференция және арт-менеджерлерді оқытатын семинар ұйымдастырылмақ. Алматылықтарға көктемгі көңіл-күйін сылау үшін A'Studio тобы Марат Бисенғалиев басқаратын оркестрмен бірлесіп концерт бермек. Жазға салым Алматыда әдеби байқау өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл байқау Қазақсатандағы әдеби үрдісті, әдеби сын институттарын дамытуға бағытталған. Маусым айында "Опералия" байқауы өтеді. Мұнда қала халқы әлемдік опера жауһарлары мен үздік балет өнерінің туындыларымен таныса алады. Сондай-ақ алматылықтар мен қала қонақтары жыл сайын өтетін "FourЭ" экоэтнофестиваль, Қазақстан сән апталығы, "Оркестрлер шеруі", Jazzystan, "Кiтапфест" фестивалі, "Шәкен жұлдыздары" және "Еуразия" кинофестивальдары, Spirit of Tengri этнофестивалі, "Алматы гүл қала", Artbat Fest алма фестивалі және қуыршақ фестивальдарын тамашалай алады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram