13 қаңтар 2021 11:34

Алматы есірткі контрабандасы бойынша әлем тарихына енді

pixabay.com

Алматы есірткі контрабандасы бойынша әлем тарихына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы есірткі контрабандасы бойынша әлем тарихына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Комитет мәліметінше, құқық қорғау органдары 1,1 тоннадан аса героинді тәркілеп, жойған.

Реклама
Реклама

"Героин есірткі сатушылардан 2019 жылы тәркіленгені белгілі болды. Өңделген мәрмәр түріндегі 2208 есірткі брикеттерін Нидерландыға тасымалдауға тырысқан. Тергеу барысында қылмыскерлер есірткінің Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне транзитін жүзеге асырғысы келгені белгілі болды.

Германия, Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерландтың құқық қорғау органдары халықаралық арнайы операцияға қатысқан.

Содан кейін есірткі саудасымен айналысқандардың бүкіл тобын әшкерелеу үшін жедел уәкілдердің көмегімен жүк жіберілді. Мұнда тауар алған кезде Түркия азаматтары ұсталды", - деді ведомство өкілдері. 

Қазіргі уақытта осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты аса ірі мөлшерде жасалған заттардың контрабандасы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram