14 мамыр 2022 | 09:20

Алматы хайуанаттар бағына келген екі жігіт қоршаудан аттап, жолбарысқа тиіскен

Иллюстрация: pixabay

Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбада екеуі жануарға әлде бір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған делінген.

"Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені зообақ аумағы үлкен - 21 гектар жерде орналасқан. Біз жануарларға қатысты осындай дөрекі іс-әрекеттерге жол берілгенін қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады", - деді зообақ өкілдері.

Реклама
Реклама

"Зообақ - біздің жануарларымыздың үйі. Сондықтан хайуанаттар бағына келгенде барлық талап-ережелерді сақтауды талап етеміз!", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная