ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2020 | 15:38
Алматы Жаңа жылға орай безендірілмейді - әкімдік
Алматы әкімдігінің өкілдері 2020 жылы жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады. Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігінің өкілдері 2020 жылы жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады. Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.
"Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді", - деді басқармадағылар.
Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.
"Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырылды. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді.
Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған", - деді әкімдіктегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также