11 шілде 2022 | 15:33

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасының қорытындысы қайта қарала ма? Әкімдік жауап берді

Камила Долаева Журналист
Фото: elements.envato.com

Алматы әкімдігі "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасы айналасындағы түсініспеушілік жағдайына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін бағдарламаның келесі кезеңіне өтпеген кейбір қатысушы іріктеу әділетсіз өткеніне шағымданған еді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасы айналасындағы түсініспеушілік жағдайына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін бағдарламаның келесі кезеңіне өтпеген кейбір қатысушы іріктеу әділетсіз өткеніне шағымданған еді. 

Олар іріктеу адал өткеніне күмән келтіріп, тапсырған кейбір құжаты жеңілдікпен кредит алуға өтінім беру процесінде жоғалғанын айтады. Сонымен қатар, келесі кезеңге 0 балдан қатысқандар конкустан өтіп кеткені белгілі болды, ал жоғары балл жинағандар "тысқары қалып қойды". 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 маусымында аяқталған "Алматы жастары" қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 11 199 өтініш түскен, оның ішінде салалар бойынша:

Реклама
Реклама

1) білім беру - 3 943;
2) денсаулық сақтау - 3 096;
3) әлеуметтік сала - 1 384;
4) ЖОО мен ҒЗИ - 1 208;
5) құқық қорғау органдары - 792;
6) мәдениет - 453;
7) БАҚ - 187;
8) спорт - 136.

9 526 өтінім конкурстан өтпеді және қабылданбады.

Өтініштердің қабылданбау себептері:

  • 5 043 өтініш мынадай себептер бойынша қабылданбады: Қазақстан Республикасында тұрғын үйдің болуы/болмауы туралы анықтаманың жоқтығы; өтініш берушінің немесе Алматы қаласы немесе Алматы облысы бойынша тұрғын үйдің бар/жоғы туралы анықтамалар; барлық отбасы мүшелерінің анықтамасының болмауы; балалардың туу, неке немесе ажырасу туралы куәліктердің көшірмесі болмауы; еңбек кітапшасының сканері жоқ; жұмыс орнынан анықтама немесе зейнетақы жарналары туралы анықтама болмауы;
  • 410 өтініш соңғы 6 айда зейнетақы жинақтары немесе 2-3 ай ғана зейнетақы жинақтары немесе бала күтімі бойынша демалыста болмауына байланысты қабылданбады;
  • 3 845 өтініш келесі себептер бойынша қабылданбады: жұмыс орны бағдарлама талаптарына сәйкес келмейді, басымдыққа жатпайды;
    65 өтініш қабылданбады, себебі Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғын үйі бар;
  • соңғы 5 жылда тұрғын үйді иеліктен шығаруға байланысты 123 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды;
  • 38 өтініш мына себептер бойынша қабылданбады: қоса берілген файлдар мен құжаттарды ашу мүмкін емес немесе сканерленген файлдар бүлінген", - деді мемлекеттік мекеме өкілдері.

Сондай-ақ, әкімдік өтініштер қалай қаралады деген сауалға жауап берді.

"Басқарма құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін барлық берілген өтініш пен құжатты жүктеу жұмыстарын жүзеге асырады, содан кейін барлық құжаттың бағдарлама талаптарына сәйкестігі қолмен тексеріледі. Тізімге енгізу кезегі жинаған балл санымен, яғни санат бойынша ең көп балл санымен анықталады. 

Сайтта орналастырылған, бірақ қабылданбаған өтініштер тізімі дұрыс әрі өзекті. Орналастыру кезінде тізім басқа сфераларға қосылып кеткен, бірақ бұл нәтижеге әсер етпейді. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қатысушылар сайтта ЭЦҚ арқылы берді, барлық құжат жүктелді, осылайша, басқарма қызметкерлерінің құжаттарды жою мүмкіндігі болмады", - деді Алматы әкімдігі өкілі.

Әкімдік мәліметінше, қатысушыларды іріктеу бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Негізгі талап - көрсетілген сала бойынша кейінгі 6 айда зейнетақы аударымдары бар ресми өтілінің болуы.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері "Алматы жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі қайта қарала ма"- деген сұраққа жауап берді.

"Қаралған өтініштердің нәтижесі негізделгендіктен, өтініштерді қайта қарау жүргізілмейді", - деп қорытындылады мемлекеттік орган.

Еске салайық, 2022 жылы "Алматы жастары" бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасты. Алматы әкімдігі мен "Отбасы банкі" бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 18 миллиард теңге бөлінді. Бұл ақша "Алматы жастары" бағдарламасына қатысатын 1000 адамға бөлінеді.

"Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ өкілдері қатысушылардан өтінішті қабылдап, қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная