ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2022 | 10:44
Алматы ЖЭО-2 қашан газға көшетіні белгілі болды
Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың аяғына дейін толығымен табиғи газға көшіріледі. Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың аяғына дейін толығымен табиғи газға көшіріледі. Бұл туралы кәсіпорын басшылығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жылу электр орталығын қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мамандар бірінші қондырғы көгілдір отынмен 2025 жылдан бастап жұмыс істей бастайды деп жоспарлап отыр. Содан кейін қалған екеуі іске қосылады.
Былтыр қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО-2-ні жаңғыртуға жеке өзі кіріскен еді.
Кәсіпорынның экологиялық таза отынға көшуі ауаға шығарылатын зиян қалдықтардың көлемін жеті есеге азайтатыны хабарланды.
Қазір Алматыда екі ірі энергетикалық кәсіпорын ғана газбен жұмыс істейді. Бұл ЖЭО-1 және Батыс жылу кешені.
"Самұрық-Энерго" өкілдерінің айтуынша, алдағы жылу беру кезеңіне көмір, мазут және газ қоры жеткілікті.
"Алматы электр станциялары Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және басқа да нысандардың негізгі жабдықтарына жоспарлы жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтады. Екі күн бұрын компания күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы құжатын алды", - деп түсіндірді "Самұрық-Энерго" отын өндіру департамент директоры Бағлан Исенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также