ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2022 | 14:45
Алматы жолдары қысқы маусымға толықтай дайын - әкімдік
Алматы жолдары қысқы маусымға толықтай дайын. Бұл туралы "Алматы тазалық" кәсіпорнының директоры Әділет Тоқтасынов ӨКҚ алаңында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы жолдары қысқы маусымға толықтай дайын. Бұл туралы "Алматы тазалық" кәсіпорнының директоры Әділет Тоқтасынов ӨКҚ алаңында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы тазалық" кәсіпорнының директоры Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, қыс кезінде кәсіпорын 704 мамандандырылған техниканы (612 жекеменшік және 92 қосалқы мердігерлер) жұмылдырады.
"Қазіргі уақытта 173 құрамалы тазалау машиналарының 156-сы (90 пайыз) жолдарды қыста күтіп ұстауға арналған қондырмалармен ауыстырылды. 8 және 16 қарашада жауған қар кезінде 2105 тонна техникалық тұз және 1998 тонна құм-тұз қоспасы жұмсалды. Қала көшелерінен қар үйінділеріне 388 текше метр қар шығарылды", - деді ӨКҚ спикері.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қысқы маусымға кәсіпорынның 728 жол жұмысшысы, 272 механизатор және 398 жүргізушісі жұмылдырылады (кәсіпорынның жалпы штат саны 1728 адам). Сонымен қатар, күзгі-қысқы кезеңге қосалқы мердігерлер есебінен қала көшелеріндегі жапырақтар мен қарды тазалау және шығару үшін 1000-ға жуық жол жұмысшыларын және 200-ге жуық арнайы техниканы (самосвалдар, алдыңғы тиегіштер) тарту жоспарланып отыр.
Спикер "Алматы тазалық" мекемесінің директоры кәсіпорынның 7 өндірістік базасы, сондай-ақ 7 құм базасы бар екенін айтты. Олардың барлығы қажетті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған.
"Жол бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен себу үшін 15 мың тонна тұз және 38 мың тонна сүзгі сатып алу жоспарланған, оның ішінде 17 мың тоннаға жуық тұз және 38 мың тонна тұз қалдығы дайындалды. Қосалқы мердігерлер 2124 тонна тұз, 9700 тонна тұз қалдығын дайындау жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также