Алматы жолдарында жаңа көк түсті таңбалар пайда болды

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде айдың басынан бері көк түсті жол таңбасы пайда болды. "Алматы паркинг" мекемесі коммуналдық ақылы тұрақ аймағы осылай таңбаланатын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде айдың басынан бері көк түсті жол таңбасы пайда болды. "Алматы паркинг" мекемесі коммуналдық ақылы тұрақ аймағы осылай таңбаланатын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жаңалық көлік жүргізушілеріне тұрақ аймағында жүруге көмектесуге арналған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген. Алайда мұндай белгілер әрдайым ақылы тұрақ шекараларын нақты көрсете бермейді.

"Көк түсті таңба Наурызбай батыр көшесінде пайда болды және одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылады. Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба назар аудартады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі. Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады", - делінген "Алматы паркингтің" хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная