13 наурыз 2023 | 09:16

Алматы жылу желілерінің басшылығына сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы жылу желілерінің бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В️едомство мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты үкімімен пара алғаны үшін бірқатар адам жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде:

- "Алматы жылу желілері" ЖШС (бұдан әрі - АЖЖ) бас директоры К.Бейсенбиновке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

Реклама
Реклама

- АЖЖ бас инженері Д.Қазымбетовке 560 миллион теңге сомасындағы айыппұл;

– АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С.Джингильбаевке 560 миллион теңге көлеміндегі айыппұл;

- Пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б. Разимбековке 400 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалып, сотталды.

Бұл адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллиард 80 миллион теңге болды, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

Айта кетейік, АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б.Разимбековтен 16 миллион теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная