11 шілде 2020 22:19

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы Аида Букееваның үндеуіне жауап берді

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ерікті-медбике Аида Букаеваның дәрі-дәрмектерді жеткізу туралы үндеуіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ерікті-медбике Аида Букаеваның дәрі-дәрмектерді жеткізу туралы үндеуіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аида Букаеваның әлеуметтік желілерінде жарияланымына қатысты мынаны хабарлаймыз. Психикалық денсаулық орталығы базасында 7 шілдеден бастап коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарға арналған провизорлық стационар ашылды", - деп хабарлады басқармадағылар.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаланың басқа клиникаларынан дәрілік препараттарды қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады.

"Өкінішке орай, бірқатар препарат бойынша тапшылық бар. Қажетті өтінім "СҚ-Фармацияның" Бірыңғай дистрибьюторы атына жіберілді. Бірқатар дәрі-дәрмекті жеткізуде кемшілік бар", - деп толықтырды басқармадағылар.

Еске салайық, волонтер-медбике Аида Букаеваның үндеуі Facebook желісінде жарияланған. Ол үндеуінде ауруханаларда ешқандай да дәрі-дәрмек жеткізіліп жатпағанын мәлімдеген болатын. Кейін оның бұл сөзіне денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берген

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram