ПОДЕЛИТЬСЯ
11 шілде 2019 | 16:41
Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Талғат Сәрсенбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Талғат Сәрсенбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Т. Сарсенбаев 1966 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Қарағандыдағы КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін, 2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін тәмамадаған.
Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. Әр жылдары құқыққорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған, Ресейдегі ҚР Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы, "Самрұқ-Қазына" АҚ түрлі позицияларда болған.
Соңғы үш жылда ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарған. Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және "Құрмет" орденімен марапатталған.
Өз кезегінде бұрындары осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.
Показать комментарии
Читайте также