15 қаңтар 2021 | 14:10

Алматы қаласы мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы мен жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды және "Алматы-2025" даму бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы мен жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды және "Алматы-2025" даму бағдарламасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

VII сайланған Алматы мәслихатының хатшысы болып бірауыздан депутат Станислав Канкуров сайланды.

Реклама
Реклама

Екінші мәселені талқылау барысында тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары мен мүшелері сайланды.

Мәслихат депутаттары алдында сөз сөйлеген Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев "Алматы-2050" Стратегиясында Алматының өмір мен жұмыс үшін ыңғайлы қалаға, Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасына айналуы тиіс екені нақты белгіленгенін атап өтті.

Стратегияға сәйкес негізгі басымдықтар - "Шетсіз қала", "Ақылды қала", "Тең мүмкіндіктер қаласы", "Қауіпсіз қала", "Жасыл қала", "Жаһандық іскерлік орталық", "Мәдени креатив қала".

Стратегияны тиімді іске асыру үшін тұрақты комиссиялар мен олардың басшылары ұсынылды:

Стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі комиссия басшысы - "Алматы "ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Білісбеков Асқар Ерғалиұлы;

Көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссия басшысы- "Жол-Транссервис 2006" Бас директоры Талбидинов Есенгелді Закирханұлы;

Қала құрылысы, тұрғын үй және жерді пайдалану жөніндегі комиссия басшысы - DWS group компаниясының директоры Максим Владимирович Финогенов;

Кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі комиссия жетекшісі - Tanmedia Group директорлар кеңесінің төрағасы Байтасов Арманжан Мерекеұлы.

Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссия жетекшісі - Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Шимашева Рахат Сейдахметқызы;

Әлеуметтік-мәдени даму, Жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі комиссия жетекшісі - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы.

Дауыс беру нәтижесінде тұрақты комиссиялардың жұмысын қайта форматтау және жаңа, жетінші сайлау комиссиясын құру туралы ұсынысты VII сайланған Алматы мәслихаты депутаттары бірауыздан қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная