29 маусым 2023 | 09:32

Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы қаласы мен Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы мен Алматы облысында патрульдік полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның жеті қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Реклама
Реклама

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

"Сонымен қатар, инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная