Алматы қаласының екі көшесінде қозғалыс уақытша жабылады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

Алматы қаласында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы бойынша қозғалыс уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысы бойынша қозғалыс уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2023 жылғы 1 шілдеде сағат 22.00-ден бастап 2023 жылғы 2 шілде сағат 22.00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады.
Аталған қиылыстағы қозғалыс екі жаққа да жабылады.

Реклама
Реклама

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз" - деді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама