ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2021 | 14:53
Алматы карантинге жабыла ма? Бекшин жауабы
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен онлайн-брифингте қалада локдаун енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистермен онлайн-брифингте қалада локдаун енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз медициналық инфрақұрылымды дайындап қойдық: төсек жүйесі, дәрі-дәрмек. Сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдары бойынша қиындық жоқ. Жүйе міндетін орындап жатыр", - деді ол.
Жандарбек Бекшин қалада ауруханаға жатқызуда проблема жоқ екенін атап өтті.
"Барлық қызмет тиімді жұмыс істеп тұр және жүктемеге шамасы жетеді", - деді қаланың бас санитария дәрігері.
Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері қалада коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атаған болатын. Сонымен қатар, карантин шаралары неге қатаңдағанын түсіндірді.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин "Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также