Алматы-Қорғас тасжолында ыстықтан бетон плиталар көтеріліп кетті

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кетті. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кетті. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

What's app мессенджерінде Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

"Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер", - дейді видео авторы.

Реклама
Реклама

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде "Алматы-Қорғас" (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен. 

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды. "ҚазАвтоЖол" уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді", - деді компания өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама