Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусін камераға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусін камераға түсіп қалды видео кадры

Алматы қорығында Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды. Кадрларды Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қорығында Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды. Кадрларды Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірегей кадрлар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-парақшасында жарияланды.

Жарнама
Жарнама

Ведомсвто мәліметінше, жыртқыш сүтқоректі Орталық Азияда ғана кездеседі.

Қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 - 2800 метр биіктікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекен етеді. Бұл территорияда шамамен 16 сілеусін бар. Олар жарты жыл ішінде (2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамырына дейінгі аралықта) 11 рет фототұзаққа түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама