17 қыркүйек 2021 | 11:18

Алматы көшелерінің бірі ішінара жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда демалыс күндері Жароков пен Тимирязев қиылысында көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда демалыс күндері Жароков пен Тимирязев қиылысында көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы су" компаниясы Жароков пен Тимирязев көшелері қиылысының оңтүстік бөлігін 17 қыркүйек сағат 22.00 -ден 20 қыркүйек таңертеңгі сағат 6-ға дейін ішінара жабу туралы хабарлады. Коммуналдық қызмет мәліметінше, қиылыста қалалық сумен жабдықтау желісін қайта құру бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізіледі.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықты түсініп, көше сегментін айналып өту схемасын алдын ала қарастыру сұралады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 16 қыркүйекте алматылықтар әл-Фараби даңғылының бір бөлігін жауып тастауға шағымданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram