ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 11:33
Алматы құтқарушыларының жалақысы басқа мақсаттарға жұмсалған - әкім
Алматы құтқарушыларының жалақысы басқа мақсаттарға жұмсалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы құтқарушыларының жалақысы басқа мақсаттарға жұмсалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда құтқарушылардың еңбекақысыз қалғанын Бостандық ауданының тұрғыны айтты.
"Неліктен құтқарушыларға төлем беруді тоқтаттыңыз? Қызметкерлердің көбі жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Менің жиенім сол жерде жұмыс істейді, жыл басынан бері жалақы алмады", - деді ол.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, әкімдік мұндай жағдайдың болғанын және құтқарушылар жалақысыз қалғанын білмеген.
"Олар ақшамен толық қамтамасыз етілді, жылдық бюджеті, соның ішінде жалақысы да болды. Бірақ немқұрайды басшылық жалақыға арналған ақшаны басқа мақсаттарға жұмсап жіберген. Жалақы және басқа мақсаттар үшін ақша бөлінді. Ақша жетіспесе, олар қаржыландыруды көтеру үшін қосымша сұрау жазуы керек еді. Бірақ жалақыға қол тигізуге болмайды", - деді әкім.
Осы жағдай белгілі болғаннан кейін құтқарушыларға желтоқсан мен қаңтар айлары үшін жалақы төленді. Мән-жайды анықтайтын комиссия құрылды.
"Комиссия жұмысын аяқтаған кезде, алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін ұйымдастыру шараларын қабылдаймыз. Бұл дұрыс емес", - деп қорытындылады Алматы әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также