12 желтоқсан 2022 | 08:24

"Алматы-Маңғыстау" пойызында спортшы балалардың ата-аналары шу шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Алматы-Маңғыстау" пойызымен жарысқа бара жатқан спортшы балалардың ата-аналары пойызда шу шығарып, жылы вагон беруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы-Маңғыстау" пойызымен жарысқа бара жатқан спортшы балалардың ата-аналары пойызда шу шығарып, жылы вагон беруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кішкентай спортшылар ата-аналарымен бірге Алматыға таэквондодан жарысқа бара жатқан. Вагон ескі, іші суық болғандықтан, ата-аналар шу шығарған. Маңғыстау станциясында пойызды тоқтатқан. Жаңа вагон беруді талап еткен.

"Біз пойызды тоқтаттық. Өйткені балаларымыз отырған вагонда ешқандай жағдай болмады. Жолсеріктің кінәсі жоқ. Біз балалардың денсаулығына алаңдадық. Жарысқа бара жатыр ғой. Содан жаңа вагонды қосып берді", - дейді ата-ана.

Реклама
Реклама

Осы оқиғаға байланысты 10 желтоқсанда "Алматы-Маңғыстау" пойызы 1 сағат 35 минутқа бөгелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная