17 мамыр 2021 16:54

Алматы маңында 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

Алматы маңындағы тасжолда жүріп бара жатқан көліктен 3 жасар қыз құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тасжолда жүріп бара жатқан көліктен 3 жасар қыз құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баланың құлаған сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда көгілдір автокөлік қарама-қарсы бағытқа қарай солға бұрылатыны көрінеді. Бұрылып жатқанда тура жолдың ортасында көліктің алдыңғы жолаушылар есігі ашылып кетіп, ішінен кішкентай қыз құлап түседі. Ол бірден орнынан тұрып, не болғанын түсінбей айналасына қарап тұрады. Көлік жүргізушісі әйел адам болып шығады, ол сол сәтті тоқтап, балаға жүгіріп шығады. 

Реклама
Реклама

Алматы облысы ПД мәліметінше, оқиға 17 мамырда сағат шамамен 10-да Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде болған. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлік құралының жүргізушісін, құлап кеткен 3 жасар қыздың 32 жастағы анасын анықтады. Қыз сол уақытта көліктің алдыңғы орнында арнайы балаларға арналған орындықсыз және белдік тақпай отырған. Абырой болғанда қыз кездейсоқ жағдайда зардап шеккен жоқ", - деді полицейлер.

Hundai Elantra автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды, әйелге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram