ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2021 | 16:26
Алматы маңында 400 миллиард теңгеге курорт салынбақ
Алматы маңында 400 миллиард теңгеге тау шаңғысы курортын салу жоспарланды. Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылы маңында құрылыс жұмыстары жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы маңында 400 миллиард теңгеге тау шаңғысы курортын салу жоспарланды. Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылы маңында құрылыс жұмыстары жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімдігі тау шаңғысы курортын салу үшін инвесторлар іздестіріп жатыр. Оның құны 400 миллиард теңгеге бағаланды.
"Қазір құны 262,5 мың доллар болатын Түрген инженерлік инфрақұрылымын салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр", - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Алматы облысы әкімдігі курорт құрылысын 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.
"Қазір жобаны жүзеге асыру бойынша инвесторлар іздестіріліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, жоба елді мекен атауына ұқсас "Түрген" деп аталады.
Бұған дейін Желіде Алматы маңындағы Бутаков шатқалында "тау шаңғысы курорты құрылысы" туралы ақпарат пайда болған. Экология және геология министрлігі қауесетті жоққа шығарды.
Кейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бутаковка маңында ешқандай құрылыс салынбайтынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также