27 желтоқсан 2019 | 17:44

Алматы маңында әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден беріледі

Премьер-министр Асқар Мамин ұшақ апатының себептеріне толық тергеу жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин ұшақ апатының себептеріне толық тергеу жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің төрағалығымен Bek Air әуекомпаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өтті.

Реклама
Реклама

"Барлық қазақстандық Алматы облысындағы әуе апатындағы қайғылы жағдайға көңіл білдіреді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар бар, зардап шеккендер де көп", - деді Мамин.

Үкімет басшысы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден берілетінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, барлық зардап шеккендерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі", - деді Мамин.

Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне Bek Air әуекомпаниясының ұшағының құлауына байланысты толық сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді, Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің тезірек сауығып шығуы үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. 

"Апат себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия 2020 жылдың 10 қаңтарына қарай өз жұмыстарының алдын ала қорытындыларын ұсынуы тиіс", - деп нақтылады Мамин. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная