ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қаңтар 2024 | 09:21
Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді
Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл өткен түні Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл өткен түні Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сейсмикалық станциялар желісі 26 қаңтарда сағат 07:55-те Алматы уақытымен жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. MPV магнитудасы - 5,5", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Қазақстанда алғашқы жер сілкінісі 01:21-де Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 297 шақырым жерде болды. 40 минуттан кейін алматылықтар 2 баллдық жер сілкінісін сезді. Магнитудасы 5,7 жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Біраз уақыттан кейін тағы бірнеше жер асты дүмпуі болды - сағат 03:11, 04:38, 06:17 және 07:14-те.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также