ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қаңтар 2021 10:38
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Жер сілкінісі Алматыдан 65 шақырым жерде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 9 қаңтарда сағат 9.18-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулердің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Магнитудасы - 4.3. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым қашықтықта жатыр. Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу