06 сәуір 2023 | 09:35

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 5 сәуірде Алматы уақытымен 21:14-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 5 сәуірде Алматы уақытымен 21:14-те жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 74 шақырым жерде қырғызстанда орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2.
  • MPV магнитудасы - 4.5.
  • Эпицентрдің координаттары 42.69°с.ш. 76.33° в.д.
  • Тереңдігі - 5 шақырым.
  • МЅК-64 шкаласы бойынша Алмарасан шатқалында 2 балл сезілді.
Реклама
Реклама

"Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік мекемелер хабарланып, қираулардың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр, полиция департаментінің жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарын зақымдалуына сыртқы шолу жасау үшін ақпарат жеткізілді. Ақпарат толықтырылып жатыр", - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная