12 қараша 2020 | 16:55

Алматы маңында "Сергектердің" жаңа түрі орнатылады

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы маңында "ЭкоСергек" камералары пайда болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында "ЭкоСергек" камералары пайда болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл пилоттық жоба. "ЭкоСергектер" алдағы екі-үш айда Алматы маңындағы барлық ұлттық паркте орнатылады. 

Реклама
Реклама

"Алдымен Іле-Алатау ұлттық паркінде 30 "ЭкоСергек" орнатуды жоспарлап отырмыз. Олар туристер көп жүретін жерлерде пайда болады. Мысалы, ҮАК, Есік, Түрген аудандарында. Сондай-ақ, Көлсай мен Қайыңды көлдерінде", - деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, "ЭкоСергектер" инспекторларға көмектеседі.

"Соңғы уақытта ұлттық саябақтарда қоқысқа байланысты қиындықтар туындады, өрттер мен вандализм жиілеп кетті. Сондықтан камераларды орнату туралы шешім қабылданды. Біріншіден, бұл туристерді тәртіпке келтіреді. Екіншіден, камералар өрт туралы сигнал береді және экологиялық бекеттердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Ұлттық парктерде Қызыл кітапқа енген жануарлар да өмір сүреді. Біз "ЭкоСергектер" браконьерлермен күресте көмектеседі деген үміттеміз", - деді ол.

Баспасөз хатшы министрлік ұлттық саябақтарда қоқыс тастаған адамдарға айыппұлдарды көбейтуді жоспарлап отырғанын да айтты. Қазір осы үшін 10 АЕК (27 780 теңге) төленеді. 

Одан бөлек, Есік көліне кіру шектелді. 

"2019 жылы Алматы әкімдігі көл маңындағы аумақты "Қазлектроэнергия" компаниясына сенімгерлік басқаруға берген. Күзден бастап бұл компания көлді сақтау үшін шектеу шараларын енгізді. Арнайы тұрақ бар, көлік ұйымдастырылған, адамдар жаяу да бара алады", - деді Іле-Алатау ұлттық паркі бас директорының орынбасары Тілек Әділжанов.

Фото:©Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная