23 сәуір 2021 12:15

Алматы маңындағы Aport Mall-да жарылғыш зат ізделіп жатыр

Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеоны оқырмандар жіберді. 

"Aport-қа бомба қойылды деп жатыр, адамдар эвакуацияланды", - дейді куәгерлер.

Реклама
Реклама

Видеода полиция сиренасының дыбыстары естіледі. Сондай-ақ, ғимараттан шығарылып жатқан адамдар көрінеді.

Сонымен қатар, оқиға орнына өрт сөндіру көлігі келді.

Әлеуметтік желілерде де видеолар пайда болды.

Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері жағдайға түсінік берді.

"23 сәуірде шамамен сағат 10.00-де Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Aport сауда және ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл қызмет тексеру және іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде де мина қойылды деген ақпарат тараған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram