11 мамыр 2020 | 12:46

Алматы маңындағы ауыл тұрғындары блокбекет маңына жиналды

Алматы қаласының маңындағы аудандардың тұрғындары карантин алынбаған қалаға кіреміз деген үмітпен блокбекеттерге жиналды. Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне фото және видео жіберді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының маңындағы аудандардың тұрғындары карантин алынбаған қалаға кіреміз деген үмітпен блокбекеттерге жиналды. Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне фото және видео жіберді.

Талғар тасжолындағы кептеліске жақын маңдағы ауылдар мен шағын аудандардың тұрғындары шағымданды. Кей дерекке сүйенсек, таңертең Думан шағын ауданындағы блокбекеттен Бесағаш ауылына дейін кептеліс болған. Екі елді мекеннің арақашықтығы - 2-3 шақырымға жуық.

Реклама
Реклама

Куәгерлердің айтуынша, Думан шағын ауданындағы блокбекетте де көп адам жиналған. Олар шақырымға созылған кезекті күтіп шаршағандықтан, бұл жаққа жаяу келген. Полиция өткісі келгендердің көбін қалаға кіргізбей жатыр. Олардың коронавирустың жоқ екенін растайтын анықтамасы жоқ болуы мүмкін.

Осындай жағдай Боралдай ауылына жақын жердегі 71-разъезд ауданындағы блокбекетте де болған.

Кадрлардың біреуінен көлік жүргізушілер бір жолақты жолды екі-үш жолақты қылып, қарсы бетке қарай айдап жатқанын көруге болады. Қарсы бетке жүрген көлікті айналып өтуге тура келген. Автордың айтуынша, ол кептелісте 1,5 сағаттай тұрған.

Сондай-ақ 11 мамыр таңертең қала шекарасында орналасқан Іргелі және Көксай ауылдарында да кептеліс болды. Мұнда да көлік кептелісі шақырымға созылған.

Бұған дейін желіде "Алтын Орда" базарының маңындағы блокбекеттен видео тарады. Кадрдан Алматы облысының тұрғындары ТЖ режимі алынғаннан кейінгі алғашқы күнде карантин режимі ұзартылған Алматы қаласына кіруге тырысқанын көруге болады. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таңертең ерте адамдар жиналғанын хабарлады. Алайда қоғамдық тәртіп бұзылмаған. Халыққа қаладағы 27 блокбекет бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істеп жатқаны түсіндірілген. Карантиндегі Алматының шекаралары жабық. Ведомство қызметкерлері тұрғындардан ресми ақпаратқа сүйенуді сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная