Алматы маңындағы жолдарды тазалауға кім жауапты және қайда шағымдануға болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы маңындағы жолдарды тазалауға кім жауапты және қайда шағымдануға болады? Фото: "Қазавтожол" ҰК

"Қазавтожол" ҰК" АҚ Алматы маңындағы республикалық маңызы бар тасжолдарды кім тазалау керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазавтожол" ҰК" АҚ Алматы маңындағы республикалық маңызы бар тасжолдарды кім тазалау керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, олар ақылы Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас, сондай-ақ Алматы-Бішкек және Құлжа тасжолдарына жауапты. Дегенмен, қар тазалау және басқа өңдеу жұмыстарын мердігер компаниялар жүргізеді.

"Алматы-Бішкек және Құлжа тасжолдарын тазалау және реагенттерді өңдеумен "Қазақавтодор" ЖШС айналысады. Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас ақылы жолдарына келсек, жуырда оларды тазалау бойынша байқауда "Шыңғыс жолдары" серіктестігі жеңіске жетті", - деді "Қазавтожол" өкілдері.

Реклама
Реклама

Республикалық маңызы бар жолдарды тазалау және мұздан тазарту жұмыстары нашар жүргізілген жағдайда жүргізушілер "Қазавтожол" ҰК" АҚ-тың 1403 телефоны бойынша байланыс орталығына шағым түсіре алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама