04 мамыр 2022 | 15:13

Алматы маңындағы каналға екі бала батып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы облысында екі бала каналға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында екі бала каналға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 мамыр сағат 19.05-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына алты және сегіз жастағы екі баланың батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

"Балалардың туыстары ені 6 метр, тереңдігі 1,5 метрлік суару каналынан 2014 жылы туған қыз бен 2015 жылы туған ұл баланың мәйіттерін шығарған. Балалар тұрғын үйден 300 метр қашықтықта ересектердің қарауынсыз қалып, суару арнасына құлап, батып кеткен", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті мен жедел жәрдем бригадасы барған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, каналдың, өзеннің және су қоймаларының жанында тұратын ата-аналарға балаларға ерекше назар аударуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная