19 наурыз 2014 19:48

Алматы маңындағы тауларда қар көшуі мүмкін

©Ярослав Радловский

Алматы облысында қар көшкіні болатыны ескертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазгидромет" РМК-дан 19 наурыз күні түскен ескертуге сәйкес, қар жабынының биік болуы мен тұрақсыз жағдайына байланысты 26-28 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталады", - делінген департаменттің хабарламасында. Төтенше жағдайлар қызметкерлері Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын қолға алып, жеке бас қауіпсіздігі үшін таулы жерлерге баруды шектеуді сұрайды. Бұған дейін 14 наурызда қар көшкініне байланысты үш облыста ескерту жарияланған еді. 14, 15, 16 наурыз күндері жылымық пен жауын-шашынның салдарынан Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында көшкін қаупі күшейді. Айта кетейік, 18 наурыз күні Іле Алатауында - Үлкен Алматы өзені бассейнінде жалпы көлемі 4350 текше метр болатын қар көшкіні жүрген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram