18 ақпан 2015 16:06

Алматы мәйітханасының қызметі сот шешімімен тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©badnight.net ©badnight.net

Алматы мәйітханасының қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сот медицинасы орталығының Алматы филиалының директоры Ардақ Әлішев айтты. Алматы мәйітханасы теміржол ауруханасы ғимаратындағы жалға алынған бөлмеде орналасқан болатын. 


Алматы мәйітханасының қызметі сот шешімімен тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Сот медицинасы орталығының Алматы филиалының директоры Ардақ Әлішев айтты. Алматы мәйітханасы теміржол ауруханасы ғимаратындағы жалға алынған бөлмеде орналасқан болатын. 

"Бізде көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі жоспарлы тексеріс жүргізді. Ғимарат типтік емес болғандықтан және ол СЭС нормаларына сай келмегендіктен олар сотқа филиал қызметін тоқтату туралы арыз түсірді. Кейін экономикалық сот талапкердің пайдасына шешім шығарды. Біз өз тарапымыздан апелляциялық сотқа шағымдандық. Бүгін, 18 ақпан күні Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы алғашқы инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, яғни Сот медицинасы орталығының филиалы - мәйітхананың қызметі тоқтатылатын болды", - деді ол.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, орталық ғимараты балалар ауруханасының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Оны қайта тұрғызудың жобалық құжаттары жасалмаған. "Іргелес аумақ қанағаттанарлықсыз санитарлық жағдайда. Ғимараттың сыртқы сылағы адам көргісіз, кейбір бөлмелерде линолеум жабыны жоқ, еденнің бетон төселген жекелеген жерлері санитарлық өңдеу жасауға мүмкіндік бермейді. Ғимаратта жұқпалы аурулардан қайтыс болған адамдар мәйіттерін союға және туыстарына беруге арналған бөлмелер жоқ, ағындыларды кәрізге құяр алдында зарарсыздандыруға жағдай жасалмаған, медициналық сұйық қалдықтар зарарсыздандырылмастан қалалық кәріз жүйесіне құйылады", - деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет. 

Оның айтуынша, Алматы мәйітханасының қызметі заңбұзушылықтардың бәрі түгел жойылғанша тоқтатылды. Ал Ардақ Әлішер Сот медицинасы орталығы филиалы сот шешімін орындауды кейінге қалдыруды сұрайтынын айтты. "Біз алғашқы инстанциядағы сот шешімін орындауды шегеруге өтініш білдіреміз. Біз Алматы халқына қызмет көрсететін жалғыз мекемеміз. Мұнда бүкіл қаладан мәйіттер әкелінеді. Егер мәйітхананы жапсақ, ары қарай не болады?! Мұнда құқық қорғау жұмысы да қатар жүреді. Бізде зертхана бар. Бұрын біз Денсаулық сақтау министрлігі ведомствосында болдық, ал 2015 жылдың қаңтарынан бастап, Әділет министрлігіндеміз. Бұған түсіністікпен қарап, мәселені шешуге көмектеседі деп үміттенеміз", - деді Әлішев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети