22 тамыз 2022 17:15

Алматы мектептерінде қанша бейнебақылау камерасы орнатылған?

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қалалық білім басқармасы өкілдері мектептердегі камералар мен қауіпсіздік шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық білім басқармасы өкілдері мектептердегі камералар мен қауіпсіздік шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Алматының Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайға мектептердегі камералар саны, олардың полиция желісіне қосылуы және кәсіби қауіпсіздіктің бар-жоғы туралы сұрақ қойылды.

Басқарма басшысының орынбасары қалада 301 мектеп бар екенін айтты. Оларда 4 690 камера орнатылған - ғимараттардың сыртында және ішінде шамамен бірдей. Бұл ретте Алматы полициясының Жедел басқару орталығы жүйесіне небәрі 306 камера қосылған, сонымен қатар мектептерде 374 дабыл батырмасы және 37 турникет бар.

Реклама
Реклама

"297 орта білім беру ұйымында күзет бар, қалғандарында мамандандырылған ұйымдар қызметін сатып алу мәселесі пысықталып жатыр, ол жыл аяғына дейін шешіледі, ол қаржыландыруға байланысты", - деді Айдын Сайлаубай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram