25 мамыр 2018 | 11:05

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

© Tengrinews.kz

2018 жылы Алматыда 9 130 түлек мектеп бітіріп жатыр. Бүгін қала мектептерінде соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы Алматыда 9 130 түлек мектеп бітіріп жатыр. Бүгін қала мектептерінде соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Бауыржан Байбек № 148 мектептің іс-шарасына қатысты. Былтыр бұл мектеп ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен еді.

Реклама
Реклама

Биыл бұл мектепті 75 түлек аяқтап жатыр. Былтыр ҰБТ бойынша түлектердің орташа баллы 93балл болды.

"Соңғы қоңырау - қатты қобалжитын сәт. Осы балалар 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттады. (...) Бүгін біз түлектердің қуанышына куә болып тұрмыз. Олардың әлі өте жоғары нәтиже көрсететініне сенімдіміз (...) ", - деді Байбек.

Сондай-ақ, қала басшысы Алматының білім, ғылым және мәдениет орталығы болып қала беретінін айтып өтті. Соңғы алты жылда Алматы ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 


Алматыдағы №148 мектептің соңғы қоңырауы. © Tengrinews.kz


Алматыдағы №18 мектеп-гимназиясының соңғы қоңырауы. ©  Tengrinews.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная