10 шілде 2024 16:26

Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

11 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.

Реклама
Реклама

12 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 градус жылы.

13 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

11 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.

12 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.

13 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 32-34 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram