ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2024 | 15:54
Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидрометте алдағы үш күнге Астана мен Алматыда ауа райы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидрометте алдағы үш күнге Астана мен Алматыда ауа райы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
21 тамыз: көшпелі бұлт, түнде аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 жылы.
22 тамыз: көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 жылы.
23 тамыз: көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы.
Алматы
21 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 жылы.
22 тамыз: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.
23 тамыз: көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также